Хабар телеарнасы

«Таза Қазақстан»: «Алматы жазы» іс-шарасы басталды

«Таза Қазақстан» жалпы республикалық акциясы аясында «Алматы Жазы» іс-шарасы басталды. Он күн бойы мегаполисте фонтан, өзендер мен су жағалаулары, арық желілері тазартылып, жарамсыз ағаштар кесіледі.

Сондай-ақ аялдамалар, бағдаршам, жол көрсеткіштері мен белгілер ретке келтіріледі. Жекелеген аумақтарда қараусыз қалған 84 субұрқақ та жөнге келтіріледі. Апатты ағаштарды кесу де жоспарланған. Тазалық онкүндігінде аулалар, аялдама кешендері, қоқыс тастайтын орындар, өзендер мен су аймақтары толықтай тазартылады.

Әлинұр Бәкенов, Алматы қаласы Экология және қоршаған орта басқармасының бас маманы:

- Алматы қаласындағы жалпы ұзындығы 1525 шақырымды құрайтын арық желілері де тазартылады. Сондай-ақ шара барысында 700 қоқыс төгетін алаңды жуу және дезинфекциялау жұмыстарын жүргізу жоспарлануда.