Хабар телеарнасы

Түркістан облысының халқы Хантағы демалыс аумағын қоқыстан тазартты

Кентау қаласына қарасты демалыс орны Қаратаудың етегінде, тұмса табиғат аясында орналасқан. Қаратау мемлекеттік табиғи қорығы - еліміздің жауһары. Онда сирек кездесетін өсімдіктердің алуан түрі бар. «Күркіреп аққан тау өзені мен көлеңкесі, жанға сая қалың ағаш қаланың у-шуы мен аптап ыстығынан қашқандар үшін демалуға таптырмас орын. Алайда келгендердің дені сұлу табиғатты ластап кетеді»,— дейді іс-шараны ұйымдастырушылар.