Хабар телеарнасы

Астанада АӨСШК штаб-пәтері жаңа ғимаратының іргетасын қалау рәсімі өтті

Елордада Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңес штаб-пәтері жаңа ғимаратының іргетасын қалау рәсімі өтті. Бұған қоса аталған ұйым хатшылығының болашақ қызметкерлеріне жолдауы бар «уақыт капсуласы» көмілді.

Шараға ұйымның атқарушы директоры Қайрат Сарыбай мен Қазақстан, Тәжікстан және Әзербайжанның сыртқы істер министрліктерінің өкілдері қатысты. Жаңа ғимараттың салынуы Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңес жұмысын одан ары жандандыра түспек.

Қайрат Сарыбай, Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес хатшылығының атқарушы директоры:

- Жоба бойынша ғимарат 4 мың шаршы метрді құрайды. 4 деңгейлі жоғары функционалды нысан болады. Бұл ғимараттың басты артықшылығы – басқару органдары да, консультативтік кеңесші органдар да бас қосатын көпфункционалды зал болмақ. Біз осы жерде конференциялар, семинарлар, оқу бағдарламаларын өткіземіз.