«Таза Қазақстан»: Кеңгір көлінің жағасынан 5 т қоқыс шығарылды. Өңір жаңалықтары
«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы басталғалы Жамбыл облысында 12 мың тоннаға жуық қоқыс шығарылған. Қарасу каналының 20 шақырымы күл-қоқыстан тазартылды.
Ал Жезқазғандағы Кеңгір көлінің жағасынан 5 тонна қоқыс шығарылды. Жағалау тазартылып, қураған ағаш бұталары кесілді.
Жезқазғанда арнайы жасақталған 2 жағажай бар. Әрине, бұл 90 мың тұрғынға аздық етеді. Болашақта жасанды көлдің жағасынан саябақ салынбақ. Ол үшін облыс әкімдігі мен жерасты байлығын игеруші компания арасында арнайы меморандум жасалды.
Гүлбану Сейітжанова, «AMANAT» партиясы ҰОФ бөлім меңгерушісі:
- Біздің миссиямыз – қалаішілік емес, қала сыртын тазалау. Яғни үлкен көлемдегі қоқыстарды шығару. Жазғы демалыста адамдардың көп демалатын жері өзен-көлдің жағасы болса, осы Кеңгірдің жағасын таза ұстау – негізгі мақсатымыз.