Астанада Қазақстандағы Қазақстан-Қытай іскерлік кеңесінің отырысы өтті
Қытай Қазақстандағы ірі инвесторлардың алғашқы төрттігінде. Былтыр аспанасты елі 2 миллиард долларға жуық инвестиция салған. Бұл 2022 жылдың көрсеткішінен 16 есе көп. Осылайша, Қазақстандағы Қытай инвестициясының жиынтық көлемі 25 млрд доллардан асты. Негізгі салалар: көлік және қоймалау, өңдеу өнеркәсібі, қаржы және сақтандыру, құрылыс, көтерме және бөлшек сауда, тау-кен өңдеу өнеркәсібі мен ғылыми қызмет.
Қазақстан-Қытай іскерлік кеңесінің өзінде аталған салалар бойынша 45 келісімге қол қойылды. Бұл үшін 500-ден астам кәсіпкер мен қытайлық компаниялар Астанада бас қосты. Жобаларға құйылар инвестиция көлемі - 5 млрд доллардан асып жығылады. Осылайша, Қазақстан-Қытай мұнай құбырын кеңейту, медициналық бұйымдар мен дәрі-дәрмек шығаратын зауыт, «Қазақстан темір жолының» үлкен жобасы сынды ауқымды келсімге қол жеткіздік.
Ерлан Ақкенженов, ҚР энергетика вице-министрі:
- Энергетикалық, мұнай және газ ынтымақтастығы жөнінде келсімшартқа келдік. Олар Шымкент мұнай өңдеу зауытының қуаттылығын екі есе кеңейту, Бозой-Шымкент газ зауытының қуаттылығын кеңейту, Қазақстан-Қытай мұнай құбырын кеңейту - осы 3 жобаларды келісімшартта қол қойылды.