Хабар телеарнасы

Утильалым мөлшері төмендей ме? Министрлік түсіндірді

Еліміздегі утильалым бойынша алдын ала шешім шықты. Бұл туралы Алматыда өткен қоғамдық талқылау барысында айтылды. Жұмыс тобының әр өңірде өткен 5 отырысы Алматыда қорытындыланды. Жиынға дептуттар, қоғам белсенділері және министрлік өкілдері қатысты.

Жұмыс тобының төрағасы Олжас Құспековтың айтуынша, петицияда айтылған мәселелер тексерілді, елімізде отандық өндіріс жоқ деу негізсіз. Жиын соңында Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Интеграция және халықаралық ынтымақтастық департаментінің директоры Әділбек Бектібаев алдын ала шешімін айтты.

Әділбек Бектібаев, ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің департамент директоры:

- Біздің министрлік утильалым мен алғашқы тіркеуге қатысты мәселені енді қарастырмайды. Мұны біз қолдамаймыз. Себебі біздің автопарк жаңаруы керек. Оған қоса көлік саласындағы көлеңкелі кәсіпті жоюымыз керек. Алдымен осы саланы толық жолға қойған соң ғана болашақта қайта қарастырылуы мүмкін.