АЭС – энергияның тұрақты көзі
Атом электр станциясы – энергияның тұрақты көзі. Себебі 3-4 жылда бір отынмен жабдықталады да, үздіксіз жұмыс істей береді.
Ядролық физика институтының мамандары: «Жаңадан бой көтеретін реакторлар 3+ және 4-ші кезеңге, яғни, жаңа буынға жатады»,- дейді. Сондықтан одан қауіп барын айту қисынсыз деген пікірде. АЭС – инвестор тартудың да маңызды факторы.
Асхат Бекбаев, «Ядролық физика институты» реактор бас инженерінің орынбасары:
- Болашақта біздің Қазақстанда салынып жатқан жағдайда инвесторлардың қызығушылығын туғызатын бір қарастыратын жағы болады да. Электр көзі бар ма бұл мемлекетте, жоқ па деген басты сұраққа жауап болады. АЭС қолданып жатыр ма, яғни ол алда келе жатқан мемлекеттердің бірі.