Хабар телеарнасы

Астанада ғалымдар мен студенттер АЭС-тің табиғатқа әсерін талқылады

Астанада бүгін ғалымдар мен студенттер бас қосып, атом электр станциясы жұмысының табиғатқа әсерін талқылады. Мамандардың айтуынша, бұл салаға қажетті мамандар біздің елде 15 жылдан бері даярланып келеді. Мәселен, елордадағы ұлттық университетті бітірген мыңнан астам түлек ұлттық ядролық орталық пен диагностикалық-медициналық мекемелерде еңбек етіп жүр. Олардың алды шетелдегі алпауыт ғылыми орталықтарда тағылымдамадан өткен. Одан бөлек, атом энергетикасына қажетті мамандықтарға грант саны көбейген.

Айсұлу Нығманова, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ ядролық физика, жаңа материалдар және технологиялар халықаралық кафедрасының аға оқытушысы:
-Ядролық физика мамандығының басқалардан өзгешелігі 5 жыл оқытылады. Соңғы курста студенттер Дубна қаласына барып білім шыңдайды. Яғни қос дипломды білім беру бағдарламасы қалыптасқан. 2024 -2025 оқу жылында 310 білім алушылар оқып жатыр. Сонің ішінде 75 адам бірінші курсқа қабылданды.