Хабар телеарнасы

Биыл иісшіл иттер 17 кг есірткі тапты

17 келі. Қаржы мониторингі агенттігінің мамандары иісшіл иттердің көмегімен биыл осынша көлемдегі есірткіні анықтаған. Фактілердің жалпы саны 33. Оның ішінде марихуана, гашиш, көкнәр сабаны, синтетикалық есірткі түрлері бар. Бұл жануарлар тек агенттіктің бөлімшелерінде ғана емес, басқа да күштік құрылымдардың жұмысында қолданылады. Олардың қатарында әскери полиция, шекара мен авиациялық қауіпсіздік қызметі және басқа да құқыққорғау органдары бар. Агенттіктің кинологиялық орталығында соңғы екі жылдың ішінде 60-тан астам топ дайындалыпты. Қазір шетелдік әріптестерімен біліктілікті арттыру дәрістері өткізіліп келеді. 

Валдис Виковскис, кинолог /Латвия/:

- Иісшіл иттерді барынша тиімді пайдалану тәсілдерін пысықтап жатырмыз. Сабақтың мазмұны, оларды дайындау ерекшеліктері де талқыланады. Кинологиялық қызмет Қазақстанда жақсы жолға қойылған. Иттердің көмегімен есірткі табу бойынша нақты нәтижелері де бар. Біз өз тәжірибемізбен бөлісе отырып, сіздердің мамандардан да тәлім алдық. Жүк мен адамдардың өту қарқыны, ауа райының өзгешелігі бұл жұмыста барлығы ескеріледі.