Ұлттық Банк базалық мөлшерлемені төмендетті
Жыл басында 15,25% болған бұл көрсеткіш 0,5% түсіп, 14,75% деңгейіне тоқтады. Бұған инфляцияның баяулауы сеп болған. Қаңтар айының қорытындысы бойынша ол 9,5% түсті. Келешекте инфляция 5% дейін төмендейді деген болжам бар. Ал базалық мөлшерлеменің түсуінен не өзгереді? Ұлттық Банк төрағасы Тимур Сүлейменовтың сөзінше, кредиттер мен депозиттердің мөлшерлемесіне ғана аздап әсер етуі мүмкін. Қазір Үкіметтің алдында экономиканың өсімін 6% көтеру, инфляцияны 6-8% деңгейінде ұстау міндеті тұр.
Тимур Сүлейменов, ҚР Ұлттық Банк төрағасы:
-Жалпы 0,5% төмендету деген күрт қатты әсер етпейді. Қаржыгерлер үшін, банктер үшін оларға маңызды. Өйткені олардың ресурстары өте ауқымды. Сондықтан 0,5% оларға өте маңызды. Бірақ жалпы халыққа немесе жекелеген бизнес үшін ол қатты әсер етпейді.