8 адам Президент жанындағы Ұлттық ғылым академиясының академигі атанды
8 адам Президент жанындағы Ұлттық ғылым академиясының академигі атанды. Олардың қатарында дәрігерлер Юрий Пя, Диляра Қайдарова және археолог Жәкен Таймағамбетов сынды есімі елге танымал ғалымдар бар. Жаңадан сайланған академиктер ғылыми жобаларын алдағы 5 жылда жүзеге асырады. Айта кетейік, Президент жанындағы Ұлттық ғылым академиясы жетекші ғалымдар мен зерттеушілерді біріктіреді. Ғылыми ұйым еліміздегі медицина, жаратылыстану ғылымдары мен инженерия, жаңа технологияны дамыту бағытында жұмыс істейді. Жиын барысында отандық ғылымды насихаттауға үлес қосқан бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері Қаныш Сәтбаевтың мерейтойлық төсбелгісімен марапатталды. Олардың қатарында «Хабар» телеарнасының қызметкерлері де бар.
Қуантар Әлиханов, ҚР Президенті жанындағы ҚР ҰҒА ғылым орталығының директоры:
-Өздеріңізге белгілі ғылымның бес бағыты бойынша Қазақстанға ғана емес шетелге танымал, үздік ғылыми зерттеу нәтижелері бар, өндіріске еңгізілген, біздің ең мықты ғалымдарымыз академиктер қатарына қосылды. Бұл дегеніміз Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес «Ғылым, технология Қазақстанның экономикасының драйвері болу керек»,– деген ұғымды әрі қара жалғастырады.