2027 жылға дейін Алматыда 95 мектеп бір ауысымды оқытуға көшеді
Алматыда 2027 жылдың соңына дейін мектептердің кем дегенде 40% бір ауысымды оқытуға көшеді. Бұл шамамен 95 білім ошағы. Қала әкімі Ерболат Досаевтың айтуынша, мұндағы мақсат балалардың жүктемесін азайтып, білім сапасын арттыру. Биылғы оқу жылында 43 мектепте сабақ түске дейін оқытылып жүр. Солардың бірі №40 мектеп. Мұндағы оқушылардың 35% түстен кейін мектеп ішіндегі тегін үйірмелерге қатысады. Бүгін ашық есік күнін өткізіп, өз тәжірибелерімен бөлісті. Үйірмелерді әр аудандағы оқушылар үйінің ұстаздары жүргізеді. Балалар пәндік және шығармашылық бағыттың ішінен қалағанын таңдай алады. Бастаманы ата-аналардың қуана қарсы алғаны рас. Биыл оқу жылының басында қала мектептерінде 30 мың орын тапшы болған еді. Ал бұл мәселені шешу үшін Президент тапсырмасымен қолға алынған «Жайлы мектеп» жобасы аясында 22 мың орындық мектептер бой көтермек.
Елдос Қасымжанов, мектеп директоры:
- Түстен кейінгі уақытта бос уақыттарын үйірмелерге яғни, қызықты математика, ағылшын тілін үйрену, сөз өнері және қолөнерлер бар. Ағаш бұйымдарынан жұмыс жасау басқа да әртүрлі көркемсөз өнерлері бар, жалпы мектебімізде 15-16 үйірме жұмыс істейді.