Хабар телеарнасы

Таза Қазақстан: Қостанай облысының қайың тоғайы қоқыстан тазартылды

Майкөл ауылының шетіндегі бұл шоқ қайыңды 50 жылдары жергілікті халық өздері отырғызған. Қазір қалың тоғайға айналған аумақ тұрғындардың серуендеп, демалатын сүйікті орны. Сондықтан тазалық науқанына ауылдың үлкен-кішісі бір кісідей атсалысты. Тоғай ішінен 80 қап қоқыс шығарылып, құрғақ бұталар кесілді.

 Берік Масақбаев, Майкөл ауылының тұрғыны:

-  «Таза Қазақстан» адамдарды біріктіретін программа. Үлкен адамдар, кішкентай балалар, оқушылар, мұғалімдер, акимат адамдары бәрі осында жиналып, жаны ашитын адамдар территориямызды жинап жатырмыз. Тұрып жатқан жеріміз таза болсын деп, былай қарағанда бір 50 адамдай жиналдық.