Хабар телеарнасы

Шымкентте 2 мыңнан аса жер учаскесі заңсыз пайдаланылған

Қазір қала прокурорлары рұқсатсыз қоршалған жер телімдерін мемлекетке қайтарып жатыр. Ал ондағы заңсыз тұрғызылған 28 нысанның құрылысы тоқтап, 13-і бұзылатын болды. Құрылыс кезінде сәулеттік-жобалау талаптарын бұзғандарға 92 хаттама толтырылып, 23 млн теңгеге жуық айыппұл салынды.

Мерлан Керімжанов, қалалық орта сапасы және бақылау басқармасының басшысы:

- Жолдың бойында орналасқан жеке тұрғын үй жер теліміне салынған 1 ғимаратымыз бұзылды. Екіншісі әкімшілік тарапынан тек қана абаттандыруға берілген жер теліміне тиісті ғимараттар тұрғызып қойған. Соны соттың шешімі арқылы бұзған жағдайымыз бар