Шымкентте 564 кәсіпкерлік нысан азық-түлік бағасын негізсіз көтерген
Шымкентте 564 кәсіпкерлік нысанның әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасын негізсіз көтергені анықталды. Саудагерлер ұн, тауық еті, нан, күнбағыс майы, құмшекер мен көкөніс бағасына белгіленген 15% сауда үстемесінен анағұрлым көп қосқан. Мәселен, 30 дана жұмыртқа 1530 теңгеден саудалануы керек болса, 2 мың теңгеден сатылған. Сонымен қатар, сүт өнімдері де бірнеше есе қымбат бағаланған. Заңнама талаптарын бұзған кәсіпкерлерге ескерту жасалып, әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Кейбіріне 10 айлық есептік көрсеткіштен 300 айлық мөлшерге дейін айыппұл салынды.
Жандос Ханиев, қалалық ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасының бөлім басшысы:
- 2 мыңнан астам хронометраждық зерттеулер жүргізілді. 564 кәсіпкерлік субъект анықталды. Бұл жерде үй маңындағы сауда орындары бар, дистрибютерлік желілер бар. 50-60-20%-ке дейін бірқатар бұзушылықтар болған.