АЭС – жіті зерттелген жоба
Еліміз АЭС салу мәселесін 90-шы жылдардан бері талқылап келеді. Ал ғалымдар 20 жылдан астам уақыт зерттеу жүргізген.
Мәселен, осыдан 6 жыл бұрын жапон ғалымдары біздің мамандардың жұмысына тәуелсіз сараптама жасаса, 2019 жылы қазақстандық зерттеушілер саладағы әлемдік технологияларды зерделеген. Нәтижесінде ең соңғы үлгідегі реакторлар таңдалған. Мұны Үкіметте сарапшылар айтты.
Тимур Жантикин, «Қазақстан атом электр станциялары» АҚ бас директоры:
- Референдумда АЭС салу туралы оң шешім қабылданса, бізге атом технологиясын жеткізетін нақты бір елді таңдау қажет. Қазір Қытай, Оңтүстік Корея, Ресей, Франция және АҚШ секілді елдерден ұсыныстар бар.