Қошанов: «AMANAT» Президенттің референдум өткізу туралы бастамасын қолдайды
Президенттің референдум өткізу туралы бастамасы - халық үніне құлақ асатын мемлекет тұжырымдамасының іске асуының анық дәлелі. Бүгін Үкімет мүшелерінің қатысуымен «AMANAT» партиясы фракциясының кеңейтілген отырысында осындай пікір айтылды. Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов ел аузында жүрген өзекті тақырыпқа тоқталып, бұл кезеңде «AMANAT» партиясы өзіне жүктелген міндетті абыроймен атқарып шығатынын айтты.
Ерлан Қошанов, ҚР Парламенті мәжілісінің спикері, «AMANAT» партиясының төрағасы:
-Қазір талқыланып жатқан өзекті мәселе – АЭС салу. «AMANAT» партиясы фракциясының депутаттары Президенттің референдум өткізу туралы бастамасын толық қолдайды. Партия осы науқанды Үкіметпен бірге атсалысып өткеруге, ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргізуге дайын. Саяси партиялар, үкіметтік емес ұйымдар бізбен бірге Президент бастамасын іске асыруға қатысады деп сенеміз.