Хабар телеарнасы

Жолдау-2024: Қарағандылық кенші ойын ортаға салды

Мемлекет басшысының Жолдауын арнайы тыңдаған қарағандылық кенші Даниель Диль ойын ортаға салды. Ол – Костенко шахтасының тау-кен жұмысшысы. Спорттық акробатикадан әлем чемпионы. Кеніште еңбек етіп жүргеніне 7 жыл болды. Жолдауда өндірістегі қауіпсіздік, еңбек жағдайын жақсарту, жұмысшылардың мәртебесін көтеруге қатысты мәселер кеңінен қамтылғанына дән риза.

Қыркүйектегі Жолдауында Президент Тоқаев 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтары жылы», - деп жариялаған еді.

Даниель Диль, Костенко шахтасының кеншісі:

- Кеншілер әулетінде туып өскендіктен, еңбек адамдарын осылай айрықша қолдағаны мені қатты қуантты. Президент Жолдауында жұмысшылар мәртебесін көтеруге қатысты айтқан пікірін сол жерде отырып тыңдағанымда тебіреніп кеттім. Келер жылды «Жұмысшы мамандықтарының жылы», -  деп ерекше жариялауының өзі бізді айтарлықатай жігерлендіріп қойды. Қазір жұмысымыз жайлы өндірістік қауіпсіздікке, еңбек жағдайына көңіл бөліне бастады.