Заңсыз активтер: Қайтқан қаржы қайда жұмсалады?
Енді қайтарылған активтер ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларды қолдауға жұмсалады. Мысалы, қайтарылған 30 млрд теңгеге инвестициялық жобалар іске асырыла басталды. Ал 12 млрд теңгеге әлеуметтік жобалар қаржыландырылмақ. Сондай-ақ денсаулық сақтау, білім беру саласына, ауыл жастары мен мүгедектігі бар адамдарды қолдауға жұмсалуы шарт.
Жалпы қайтарылған қаржы 4 бағытта игеріледі. Ол - республикалық бюджетті толықтыру, активтерді заттай қайтару, капиталды қайта инвестициялау және әрине, әлеуметтік жобаларды жүзеге асыруға жұмсалады. Заңсыз активтерді өз еркімен қайтарғандардың мүлкінің бір бөлігі өзінде қалады.
Нұрдәулет Сүйіндіков, ҚР Бас прокуратурасы Активтерді қайтару жөніндегі комитеттің төрағасы:
- Комиссия мақұлдаған келісімдер бойынша олардың ішінде химиялық, тамақ өнімдерін басқа да тауарларды шығаратын өндірістік объектілерді салу және жаңғырту бар. Мысалы, өндірістік желіні ашу бойынша 100 жаңа жұмыс орнын ашу, жыл сайын 500 млн теңгеге салық түсімдері, өнімнің кемінде 20%-тік экспорты көзделген.