Хабар телеарнасы

Сарапшы: Атом энергетикасы тиімді

2050-ші жылға қарай елде өндірілетін энергияның жартысы су, күн, жел сияқты табиғи қуат көздерінен алынуға тиіс. Қазір жұртшылық «жасыл» энергетиканың тиімділігін жақсы біледі. Енді бұл қатарға атом электр станциясын қосқан жөн,-дейді сарапшылар. Себебі Қазақстанның өндірісі қарқын алып келеді. Оның барлығы энергиядан тапшылық көрмеуі қажет.

Сала өкілі Серік Түйтебаевтың айтуынша, атом электр станциясын салу үздіксіз қуат көзімен қамтамасыз етумен қоса, жалпы ел дамуына серпін береді. Атап айтқанда, ғылым мен техника алға басады. Жаңа жұмыс орындары ашылады. Экономиканың өсуіне ықпал етеді. Оған тәжірибеден өткен ең жоғары технологиялық қондырғылар қойылады.

Серік Түйтебаев, энергетика саласының сарапшысы:

- Мен өзімнің ойым, болашақтың энергиясы, ядерный энергияның пайдасын жақсы жағынан көруге жағдайымыз бар. Қорқыныш жоқ. Эксперттер: «3+, 4+ деген ядерный установкалар өте жақсы жұмыс істейді, ешқандай апатқа бармайды», - деп айтады.