Хабар телеарнасы

Сенатта атом және энергетика саласын дамыту мәселелері талқыланды

Депутаттардың айтуынша, металлургия, көлік, IT, медицина және ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу салаларында электр энергиясының тапшылығы өсіп жатыр. Ал мәселенің шешімі – елімізде таза энергия көзі ретінде атом электр станциясын салу. Одан бөлек, сол өңірде экономикалық әл-ауқат жақсарады, - дейді.

Әлібек Нәутиев, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:  

-  Біздің қажеттілік жылына 3%-ке өсіп келе жатыр деген есеп бар. Қазіргі Энергетика министрлігінің есебі бойынша 2035 жылға жалпы Қазақстанда 154 млрд киловатт сағатына энергия қуаты қажет болса, оның тек қана 135 млрд кубы ғана бізде болады. Қалған 26-сын бізге өндіру керек болады деп жатыр.