Сенат «Келешек» ерікті жинақтау жүйесіне қатысты заңды мақұлдады
Бүгін Сенат «Келешек» мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесіне қатысты заңды мақұлдады. Заң қоғамдық даму, мәдениет, мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі саласындағы қолданыстағы нормативтік құқықтық базаны жетілдіруге бағытталған.
Атап айтқанда, осы заң арқылы «Келешек» бірыңғай ерікті жинақтаушы жүйесінің қызметін құқықтық реттеу көзделіп отыр. Мұндай жүйені құру жөнінде Мемлекет басшысы өзінің «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Жолдауында айтқан болатын.
«Келешек» бағдарламасы жоғары білім, колледжде немесе магистратурада оқуды қоса алғанда білім беру жинақтарын жасақтауға арналған. Оған тек ата-аналар ғана емес, қаржы институттарын тартуға да мүмкіндік қарастырылған.