Kaspi.kz Алматы марафонына тоғызыншы рет демеушілік жасады
Орталық Азиядағы ең ірі желаяқтар жарысы саналатын Алматы марафонына тоғызыншы рет Kaspi.kz демеушілік жасады. Дәстүрлі марафонға әлемнің 59 елінен 16 мың спортшы барып, бақ сынады. Додаға әуесқой және кәсіпқой спортшылар да қатысты. Олар 10 шақырымнан бастап 42 шақырымға дейінгі қашықтықта жарысты.
Алматы марафонының танымалдығы артып келеді. Орталық Азиядағы ең ірі шараға алыс-жақын шетелден 16 мыңнан астам желаяқ қатысты. Жарыс жолына шыққандардың жасы әртүрлі болғандықтан 18 бен 70 жас арасындағыларды топтарға бөлген.
Валихан Тен, «Бірінші болу батылдық» қамқоршылар кеңесінің мүшесі:
-Алматы марафоны 13 жылдан бері халықаралық марафондар қатарына кіреді. Сондықтан біз халықаралық старт аясында бүгін 59 елден қатысушыларды күтіп алдық. Kaspi.kz көп жылдан бері басты серіктесміз болып келеді. Алматыдан өзге, Түркістанда маусымның жабылуы болады.
Марафоншылар төрт қашықтықта жүгірді. Оның негізгісі классикалық 42 шақырым, одан кейін 21 шақырымдық жартылай марафон бар. Одан бөлек 10 шақырымды еңсерді. Сондай-ақ 10 километрге скандинавиялық жүріс бойынша үздіктер анықталды.
Меңдібек Сыдықов, қатысушы:
-Қазақстандағы Алматы шаһарының марафонын ұйымдастырушыларына рақмет. Алматы марафонына 2022 жылы қатысқам 42 шақырымға, қазір 10 километрге жүгірдім.
Ислам Амандос, қатысушы:
-Алматы марафоны ұйымдастырушыларына үлкен рақмет. Трасса керемет, өте ұнады, барлықтарыңызға сәттілік, дами беріңіздер.
Алматы марафонын 13 жыл қатарынан «Бірінші болу – батылдық» коры ұйымдастырып келеді. Ауқымды спорттық шараға тоғыз жылдан бері Kaspi.kz демеушілік жасауда. Марафон қатысушылары мен жанкүйерлер ұйымдастыру деңгейін жоғары бағалады.
Дидар Ұзақов, қатысушы:
-Алтыншы жыл қатысып жүрмін, өте керемет жарыс. Алматы марафоны – өзіміздің қаладағы, біздің Қазақстандағы ең үлкен, ең ірі жарыстардың бірі. Осы сайысқа және ұйымдастырушыларға өте үлкен алғыс айтамын. Байқап жүрмін Kaspi.kz ұйымдастырушыларға өте үлкен үлес қосып жатыр.
Аружан Қыдыр, қала тұрғыны:
-Kaspi.kz өміріміздің әрбір сәттерінде бізге көмектесетін бағдарлама болып табылады. Себебі бір нәрсе алатын болсақ Kaspi.kz қолданамыз, бір нәрсе тапсырыс беретін болсақ Kaspi.kz қолданамыз.
Алматы марафонында топтық жарыста бар. Экиден жарысында топ мүшелері қашықтықты эстафета арқылы жүгіріп өтеді. Kaspi.kz командасы бұл жарыста да жоғары көрсеткішке жетті.
Еркебұлан Сағымбаев, Kaspi.kz командасының капитаны:
-Үздік 10 команда санатына кіріп отыр, корпоративтік командалардың ішінде үздік үш командаға кіріп отыр. Бүгін өте қуаныштымыз. Біздің Kaspi.kz – үлкен компания, бас демеуші және қалаға үлкен салауатты өмір салтын дамытуға үлес қосып жатыр деп ойлаймыз.
Марафон ұйымдастырушыларының басты мақсаты – қоғамдық спортты дамыту және салауатты өмір салтын насихаттау. Жарыс жолына шыққандарға медаль мен естелік сыйлықтар табысталды.
Авторлары: Аршын Кемелжан, Мұхит Құдықбаев