Хабар телеарнасы

Елімізде алғаш рет ENACTUS Студенттік кәсіпкерліктің дүниежүзілік кубогы өтіп жатыр

Елімізде алғаш рет ENACTUS кәсіпкерліктің дүниежүзілік кубогы өтіп жатыр. 33 елден студенттер, кәсіпкерлер, академиялық жетекшілер мен бизнес көшбасшылары жиналды. Биылғы доданың Қазақстанда өтуі бекер емес. Ұйымдастырушылардың айтуынша, соңғы 15 жылда құрама команда жоғарғы нәтижеге қол жеткізген. Жалпы білім, идея және тәжірибе алмасу үшін 2 мың қатысушы жиналып отыр. Соңғы нәтиже 4 қазанда белгілі болады. Келесі кубок жеңімпаз атанған елде өтеді.

Дархан Мыңбай, ENACTUS қамқоршылар кеңесінің мүшесі:
-ENACTUS-қа қатысушылардың 50% астамы физика және математика мамандығын бітірген адамдар. Барлығының технология, инженериядан хабары бар адамдар. Сарапшылар өте жоғарғы деңгейде. Банк қызметкерлері де бар ішінде. Түрлі салалардың білікті мамандары бар. Кәсіби. Солар баға қойып, солай анықталады. Ең бастысы бір-біріне тәуелсіз.