Хабар телеарнасы

Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына 44 күн қалды

Астанада тартысты додаға дайындық қызу. Қыркүйекте 89 елден, 2 мыңнан астам спортшы келеді. Оларды жайғастыру үшін жауапты министрлік 21 қонақүймен келісімге келді. Жатын орыннан бөлек, спортшылардың жүріп-тұруы мен тамақтануы үшін де барлық жағдай қарастырылып жатыр. Сондай-ақ жаһан елдерінің басын біріктіретін спорттық жарысқа 1 мың 200 волонтёр жұмылдырылады. Өңірлерден келгендері қонақүйге орналастырылмақ. Ал кешенді жарыс Астанада қыркүйектің 8-і мен 13-і аралығында өтеді. Онда 21 спорт түрінен 97 медаль сарапқа салынады.

Серік Жарасбаев, ҚР Туризм және спорт винце-министрі:
-Президентіміз осы ойындар бойынша үнемдеуді тапсырған болатын. Қонақүйлердің саны басында 32 болған еді. Қазіргі уақытта қысқартуларға байланысты біз 11 қонақүйді шектеп, тек қана 21 қонақүйде барлығы дайын соларға біздің спортшыларды орналастырайын деп жатырмыз.