Хабар телеарнасы

84 референдум учаскесінде дауыс беру таңғы алтыда басталды

Республика бойынша 84 учаскеде дауыс беру таңғы сағат 6.00-де басталды. Бұл негізінен әскери бөлімдер, кейбір вахталық кенттер мен ауысым кестемен жұмыс істейтін адамдар тұратын бірнеше учаске үшін арнайы жасалды. Мұндай учаскелердің көпшілігі Қарағанды, Абай облыстары мен Алматы қаласында. Ал вахталық елді мекендер үшін дауыс беру учаскелері Ақтөбе мен Маңғыстау облыстарында орналасқан.