Хабар телеарнасы

Астана бойынша 464 дауыс беру учаскесі тіркелген. LIVE

Референдумның 3 учаскесінде дауыс беру уақыты таңғы 6-да басталып кетті. Яғни кәсіпорындарда ауысым бойынша жұмыс істейтін және әскери бөлім қызметкерлері, сондай-ақ аурухана, шипажайда емделіп жатқан, одан бөлек тергеу изоляторында және уақытша ұстау изоляторында отырған азаматтар өз таңдауларын ерте жасап үлгерді. Ал қалған дауыс беру учаскелері заңға сәйкес 07:00-де ашылды. Референдум қалай өтіп жатыр? Алғашқы болып кім дауыс берді?

- Алуа Маханбет, тілші:

- Иә, Астана қаласы бойынша 464 дауыс беру учаскесі тіркелген. Елорданың 906 936 тұрғыны осы референдумда өз таңдауын жасауға құқылы. Қазір біз «Астана опера» мемлекеттік опера және балет театрының ғимаратында тұрмыз. Мұнда референдумның 256-шы дауыс беру учаскесі орналасқан. Учаске өз жұмысын таңғы 07-де әнұранмен бастады. Одан кейін дауыс берушілер өздерінің құжаттарын көрсетіп, бюллетендерін алды. Біз тұрған дауыс беру учаскесіне қанша адам тіркелген? Олар қалай дауыс беріп жатыр? Ол туралы учаскелік комиссияның төрағасы Пірман Тұрсынбайұлынан білейік.

Таң енді атқанымен, мұнда дауыс беремін деп келушілер аз емес. Кешкі сағат 20:00-ге дейін еліміздің барлық өңірінде дауыс беру учаскелері жұмыс істейтіні еске салып кетейік.