Хабар телеарнасы

Еліміздегі ұшақ рейстерінің жаппай кешігуіне шағым көбейді – сенатор

Қазақстанда ұшақтар қашанғы кешіге береді? Сенат депутаты Андрей Лукин еліміздің әуе тасымалындағы былықтарды айтып, Үкімет басшысына сауал жолдады. Сенатордың сөзінше, жүгенсіз кеткен әуе компанияларына бақылауды одан әрі күшейту қажет.

Рейстің кешіккені үшін компания басшылығын жазалап қана қоймай, ондай жағдайда жолаушыларға көрсетілетін қызметтер стандартын жақсарту қажет, -дейді. Мәселен, қазір ұшақ бірнеше сағат кешіксе, азаматтарға ыстық тамақ пен жатын орын ұсынылуы тиіс. Ал кешігу 5 сағаттан асса, жолаушыларға басқа рейс қарастырылуы қажет немесе билеттің толық сомасы қайтарылу керек. Бірақ бүгінде бұл талаптар орындала бермейді.

Андрей Лукин, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

- 12 тамыз күні «Ақтау-Алматы» бағытындағы КС-806 рейсі 13 сағаттан астам кешікті. Бірақ әуе компаниясы жолаушыларға ешқандай балама жол ұсынбаған. Қонақүйге де жайғастырмаған. Керісінше, оларға өтемақы ретінде 2 мың теңгелік ваучер беріп, халықтың наразылығын тудырды. Сондықтан әуе компанияларына бақылауды күшейтумен қатар олардың жария рейтингін жасауды ұсынамыз.