Хабар телеарнасы

Машина жасау саласының дамуын не тежейді?

Қолжетімді және ұзақмерзімді қаржыландырудың жеткілікті деңгейде болмауы машина жасау саласының дамуын тежейді.

Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев осылай дейді. Ол Қостанай облысында көлік шығаратын бірқатар зауытқа барып, мәслихат депутаттары мен жергілікті халықпен кездесті. Палата Спикерінің сөзінше, елімізде алюминий, мырыш, мыс, қорғасын сияқты жеткізілетін шикізаттар қымбат, әрі шектеулі. Сондықтан импорттық тауарлар сұранысқа ие. Бұл елден капиталдың кетуіне әкеліп соғады және өндірістік қуатымыздың дамуын тежейді. Осы мәселелерді шешу үшін заңға толықтырулар енгізу мәселесі егжей-тегжейлі қарастырылды.

Мәулен Әшімбаев Сенат жанында арнайы жұмыс тобы бар екенін тілге тиек етті. Оның аясында отандық машина жасау саласын дамытуға арналған идеялар мен ұсыныстар жан-жақты зерделенеді және олар тиісті заң әзірлеу кезінде ескеріледі, - деді Палата Спикері.

Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы: 

- Бұл сала ел экономикасында айрықша рөл атқарады. Ал Қостанай облысы машина жасау бағытында көшбасшы өңірлердің бірі. Сенат осы салада бизнеспен және мамандармен бірелсіп, тиісті заңнаманы жетілдіруге дайын. Мұндай қадам елімізді өркендетуге және отанды қөндірісті жетілдіруге жол ашатыны сөзсіз.