Хабар телеарнасы

ТЖМ 4 ұшақ пен 7 тікұшақ сатып алмақшы

Құтқару қызметіне қажет 728 арнайы техника мен 18 мыңнан астам құрал-жабдық жыл соңына дейін сатып алынады. Мұны Төтенше жағдайлар министрі мәжілісте саланы дамыту жөніндегі жиында мәлімдеді.

Жоспарға сәйкес, келер жылы авиациялық парк те толығады. Атап айтқанда, 4 ұшақ пен 7 тікұшақ сатып алынады. Сондай-ақ көпқабатты ғимараттардағы өртті сөндіру үшін 2 арнайы дрон мен төтенше жағдайды бақылауға арналған 10 ұшқышсыз ұшу аппаратын алу жоспарланған.

Мамандардың айтуынша, ұшақ жеке құрам мен құрал жабдықты жылдам тасымалдап, жедел әрекет ету үшін қажет.

Шыңғыс Әрінов, ҚР Төтенше жағдайлар министрі:

- Бүгінгі таңда 31 тікұшағымыз бар. Өкінішке қарай қазіргі таңға дейін ешқашанда ұшақ болмаған. Оны су тасқыны кезінде тапшылық болып, бізге талай қиыншылық тудырды. Бізге ұшақ керек екеніне нақты көзіміз жетті. Бірақ қазіргі таңда үлкен ұшақтарды алуға мүмкіндік жоқ. Кішкентай ұшақтан бастап тәжірибе алып, одан кейін үлкен ұшақтарға көшеміз деген ой бар.