34 жолаушысы бар автобус Алматы-Екатеринбург тасжолында қалып қойған
Ал бүгін таңертең Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушылары Алматы-Екатеринбург тасжолында бұзылған автобустан 34 адамды эвакуациялады. Олардың 12-сі адам Өзбекстан және Тәжікстан азаматтары. Рейстік автобус Астана-Шымкент бағытында келе жатқан, бірақ 900-ші шақырымда техникалық ақау орын алған. Құтқарушылардың жедел жұмысының арқасында олар Ақсу-Аюлы ауылына жеткізілді. Оларға медициналық көмек қажет болмады. Ауа райын болжаушылар, алдағы демалыс күндері Қазақстанның басым бөлігіне солтүстік циклон әсер ететінін айтады. Қалың қар жауып, көктайғақ болады. Сондай-ақ, екпінді жел соғады. Осыған орай Ішкі істер министрлігі көлік жүргізушілеріне жолда аса сақ болуды ескертеді.