Хабар телеарнасы

БҚО-да газ өңдеу зауыты салынады

БҚО-да газ өңдеу зауыты салынады. Жаңа зауыт Қарашығанақ кен орнында бой көтермек. Онда жылына 4 млрд текше газ өңдеу жоспарланып отыр. Бұл туралы бүгін Астанада өткен брифингте Батыс Қазақстан облысының әкімі айтты. Өңір халқын алаңдатқан тағы бір мәселе – жұмыссыздық. Биылғы жылдың 9 айында негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 437 млрд теңге болды. Осы тартылған қаржының арқасында облыста 1 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылды. Алдағы 5 жылда 2,4 трлн теңгеге 42 инвестициялық жоба іске асырылмақ. Бұл дегеніңіз өңірде 10 мыңнан астам жұмыс орны пайда болады деген сөз. Сондай-ақ өңірдегі ойдым-ойдым жолдар да тұрғындарды титықтатып біткен. Республикалық маңызы бар 144 шақырым Подстепное - Федоровка - Ресей шекарасына дейінгі жол қайта жаңғыртылып жатыр. Қазір бұл жолдың 60 шақырымдайы жөнделген

Нариман Төреғалиев, Батыс Қазақстан облысының әкімі:

-Өңірде 49 тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде. Биылғы жылы 32 тұрғын үйдің, 1114 пәтер құрылысы аяқталады. Қалған 17 үйдің құрылысы 2025 жылға ауыспалы. Ағымдағы жылы кезекте тұрған 110 ауыл бойынша әлеуметтік осал топтар үшін 14 млрд теңгеге 758 тұрғын үй сатып алынып, берілуде.

 

.