Хабар телеарнасы

Креативті индустрия қашан дамиды?

Креативті индустрия қашан дамиды? Мәжілістің әлеуметтік-мәдени даму комитетінің отырысында осы мәселе талқыға түсті.

Мәдениет және ақпарат министрлігі ұсынған жаңа заң жобасын талдау үшін арнайы жұмыс тобы құрылды. Депутаттар бүгін осы саланың өкілдерімен кездесіп, ұсыныстарын тыңдады. Киногерлер мен баспагерлер салық мәселесін көтерді. Тәуелсіз баспагерлер нарықта отандық кітаптардың еркін сатылуына жағдай жасау тетіктерін қарастыру керек,- дейді. Аниматорлар болса, елімізде 3Д технологиясымен жұмыс істейтін маман тапшы, - дейді. Сондай-ақ өнерлі азаматтардың авторлық құқықтары қорғалмайтыны, ұйымнан түсетін табыс көзінің аздығы айтылды.

Сарапшылардың пікірінше, ортақ мемлекеттік деректер қорын құру керек. Және зияткерлік меншікке қатысты жұмыстардың барлығын цифрландыру қажет.

Нартай Сәрсенғалиев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:  

- БҰҰ-ны креативті индустриядағы 14 бағытты нақтылап берді. Ол жерде дизайн бар, сән бар, кино, музыка, медиа, компьютерлдік графика деген сияқты бірнеше сала бар.  Жалпы бұл саланың өзектілігі сонда, аталған салаға сәйкес, біздің бюджеттің қамбасын толтырып,  қыруар қаражат табуға болар еді. Қазіргідей тек шикізаттық мемлекеттің  деңгейінде қалмай.