Астана өмір сүруге қолайлы қалалардың көшін бастап тұр
Астана - өмір сүруге қолайлы қалалардың көшін бастап тұр. Сондықтан елордаға қоныс аударушы ел тұрғындарының саны жыл өткен сайын өсіп барады. Бұл өз кезегінде шаһардың су, жылу, электр энергиясы секілді инфрақұрылымы мен мектеп, балабақша, емхана сынды әлеуметтк нысандардың жүктемесін арттырып отыр. Ресми дерек бойынша қазір елорда халқының саны 1,5 миллион екен. Ал ел өңірлерінен келіп тіркеусіз тұрып жатқандар туралы нақты есеп жоқ екен. Бұл туралы Астанадағы көші-қон процестерінің жай-күйін жан-жақты бағалауға арналған диалог алаңында айтылды. Болжам бойынша алдағы 6 жылда қала тұрғындарының саны екі миллионға жетпек. Қазірдің өзінде Түркістан облысынан келушілер көбейген. Сондықтан миграция көрсеткіштерін ескере отырып, туындаған мәселені шешу жәйі айтылды.
Сабыржан Сейітжанов, «Жаңа бастамалар альянсы» ҚБ төрағасы:
-Ауылдағы тұрғындарға жұмыс беру керек, солардың әлеуметтік жағдайын көтеру керек. Сол себепті адамдар қалады, көшпейді, тұра береді. Менің ойымша, осы проблемаға назар аудару керек. Ұсыныс дайындаймыз. Ол ұсынысты қоғамдық кеңестің атынан құзырлы, тиісті органдарға жіберіледі.