Балық шаруашылығына ден қойылады
Елімізде балық шаруашылығына қомақты инвестиция салам деушілерге су айдындары конкурссыз берілуі мүмкін. Бүгін Мәжіліс депутаттары аталған саланы дамытуға бағытталған Заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады. Ол үшін кәсіпкер шаруашылыққа кемінде 550 млн теңге жеке қаржысын жұмсауы тиіс. Одан бөлек балық өсірушілерге мемлекет тарапынан субсидия беріліп, ғылыми қолдау көрсетіледі. Жеңілдетілген несие де қарастырылмақ. Бірақ мұның бәрінің сұрауы бар. Енді балық шаруашылығына мемлекеттік бақылау енгізіледі. Өсіріп жатқан балығының түрі мен сапасы тексеріліп, өнімділігі қадағаланады. Ал мәліметтің барлығы жаңадан құрылатын арнайы ақпараттық жүйеге жиналады. Кімнің қанша тонна балық жинағаны, мемлекеттен қандай көмек алғаны бәрі сонда көрініп тұрады.
Сергей Понамарев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
-Бұл мәселемен түбегейлі айналысатын кез келді. Қолда бар мәліметтерге сүйенсек, 2023 жылы біз небәрі 64 мың тонна балық өсіріп, аулаппыз. Ал 2030 жылға саланы дамыту бағдарламасына сәйкес Қазақстан жылына 270 мың тонна балық өндіруі тиіс. Қазіргі қарқынмен аталған межеге жету мүмкін емес. Сондықтан аталған заң балық шаруашылығындағы осы және өзге де проблемаларды оң шешуге сеп болады деп ойлаймыз.