Хабар телеарнасы

Балабақшаға «ваучерлік қаржыландыру» жүйесі енгізіледі

Еліміздегі барлық балабақшаға да «ваучерлік қаржыландыру» жүйесі енгізілмек. Бұған дейін бұл жоба Тараз, Шымкент, Түркістан қалаларында пилоттық режимде жұмыс істеді. Тараздағы 172 балабақша шілде айынан бастап осы жоба арқылы 10 мыңға жуық баланы балабақшаға орналастырған. Ақпараттық жүйе ең бірінші кезекте ата-анаға ыңғайлы. Себебі баласын орналастыру үшін бұрынғыдай кезек күтіп, құжат тасып жүрмейді. Электронды түрде өтінім берсе жеткілікті. Орын болса, онлайн келісімшартқа отырады. Бұрын мемлекеттік тапсырыс шеңберінде балабақшаларға қаржыны жергілікті атқарушы органдар бөлетін. Ал енді ваучерлік қаржыландыру арқылы ата-ананың арнайы шотына аударылады. 

Айдын Досыбаева, облыстық білім басқармасының бөлім басшысы:

-Қаржыландырудың ашықтығын қамтамасыз ету. Қазіргі таңда бұл пилоттық жоба үкімет деңгейінде оң бағасын алды. Облыстың 10 ауданындағы барлық мектепке дейінгі ұйымдарды ваучерлік қаржыландыру жүйесіне енгізу бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Жыл соңына дейін енгізу жоспарлануда.