Елорданың бес мектебінде 5 инклюзия кабинеті ашылды
Елорданың бес мектебінде Open Space форматындағы 5 инклюзия кабинеті ашылды. Енді ерекше білім беру қажеттіліктері бар 250-ге жуық оқушы мектептерде оқитын болады. Мұндай мүмкіндікті оларға «Самұрық-Қазына» қоры ұсынды. Сыныптарда емдік дене шынықтыруға арналған барлық жабдық бар. Онда балалар емін-еркін жаттығу жасап, мамандардың көмегімен ортаға бейімделе алады. Ал мектептерде жұмыс істейтін психолог, дефектолог, логопед және физиотерапия мамандары бір жыл бойы біліктілікті арттыру курстарын тегін оқиды. Еске сала кетейік, қыркүйекте қордың қолдауымен дәл осындай 5 сынып ашылған еді.
Зәмзәгүл Ертайқызы, №97 мектеп-гимназиясының директоры:
-Басында 15 бала еді, қазір көбейді. Жылдан жылға көбейіп жатыр. Қазір енді денсаулығына байланысты болды. Сондықтан оларға, әрине, арнайы кабинет қажет. Біз қуанғанымыз ол кабинет толықтай жасақталған. Сондықтан мамандар алдық: деффектолог, логопед, лфк тренері.