15 сәуір – Ғашықтар күні

  • 63
  • 15.04.2025, 18:47

Бүгін – Ғашықтар күні. Бұл мейрамның мәдени және тарихи маңызы әлдеқайда терең. ХIV-XV ғасырлардағы Қозы Көрпеш Баян сұлу махаббаттарының символы ретінде аталып өтіледі. Қос ғашықтың махаббаты ғашықтық хикаясы ғана емес, халқымыздың тарихы мен рухани мәдениетінің айнасы. 

Блиц-сауалнама:

- Қазақтың өз мерекесі болу керек деп ойлаймын. 14 ақпанға еліктегенше, өзіміздің 15 сәуірді қарсы алған жақсы сияқты. 

- Өздерінің сүйген адамдарымен бірге болған жақсы ғой, әрине. Мұндай мейрамда ғана емес, қалған басқа күндерде де сүйіктілері бір-бірін қуантып жүргенге не жетсін. Мен егер өзімнің сүйіктім болса, солай қуантып жүруге тырысар едім.

- Оны барлық сыңары барлар тойлайды ғой. Тойлаған дұрыс. 

Ресми статистикаға да тоқтала кетсек. Өткен жылы елімізде 123 мың неке тіркелген. Ең төменгі көрсеткіш Батыс Қазақстан облысына тиесілі. Мұнда әр 1 мың адамға шаққанда небәрі 5 адам некесін қидырған. Ал неке саны бойынша Астана көш басында. Мың адамға шаққанда, 7 неке тіркеледі. Алматы мен Ұлытау облысында да ғашықтар көбірек.

Мамандар үйленуге ең қолайлы уақыт — шілде айы, - дейді. Жылдың дәл осы айында 13 мыңнан аса нeке тіркелген. Ал мамырда 8 мыңнан аса жұп шаңырақ көтерген. Жас шамасына келсек, қазақстандықтар көбіне 20-24 жас аралығында отау тігеді.