Маңғыстау дәстүрлі музыкалық мұраларының сайты іске қосылды
Сайт репертуарына 180 шығарма енген. Туындыларды ән, күй, жыр терме және жыр күйі деп аталатын төрт бөлімнен көріп, тыңдауға болады. Бұл сайттың бір ерекшелігі шығармалармен қоса олардың авторы, орындаушылары туралы толық мәлімет беріледі. 50 автор, 60 орындаушы қамтылған. Сүгір, Ұзақбай жыраулардың өз даусы бар. Сондай-ақ әр туындының жарыққа шығу тарихы мен нотасы орналастырылған. «Мақамы мәшһүр Маңғыстау» әуендерін сайттан не мобильді қосымшадан тыңдап, нота арқылы үйренуге болады. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жүзеге асқан жобаны әзірлеуге 2 жылға жуық уақыт кеткен.
Сұлтанбек Құдайберген, жоба авторы:
- Музыканың бәрін бір сайтқа құйдық. Бір жерден жинап, мына мобильді қосымша, ұялы байланыс арқылы телефоннан да тыңдауға болады. Маңғыстаудың жыршылығы туралы әдістемелік құрал шығаруды жоспарлап отырмыз. Осы біткеннен кейін жыр мектебін ашып, өзіміздің әдістемелік құралымыз арқылы жастарымызды оқытқымыз келеді.