Оралда көпбалалы аналар өздері жасаған өнімдерді көпшілік назарына ұсынды
Сөреге қойылған тәтті тағамдар мен бөлке-торттар, сәнді киімдер мен қолөнер бұйымдары көпбалалы аналардың қолынан шығыпты. Аналардың көпшілігі мемлекеттік бағдарламалардың игілігін көріп, түрлі кәсіптің қыр-сырын меңгерген. Қайтарымсыз гранттар ұтып, өз ісін ашқандары да бар. «Тұғырым» қоғамдық бірлестігінің диалог алаңында көпбалалы отбасыларға заңгерлер мен психологтар кеңес беріп, кәсіпкерлікке оқытады.
Айнұр Арыстанова, қоғамдық бірлестік төрайымы:
- Біздің мақсатымыз – көпбалалы аналардың коғамдық жұмыстарға белсене қатысуларына көмек жасау, аналарымыздың қолдарынан келетін әртүрлі бұйымдарды паш етіп көрсету, аналардың кәсіппен айналысуына көмектесу.
Әсел Кеңесова, көпбалалы ана:
- «Бастау бизнес» жобасын оқып, 505 мың грант иесі атандым. Қазіргі таңда үйде балалардың жанында қолөнер жұмыстарымен айналысып жатырмын. Наурыз мерекесіне байланысты ұлттық киімдерге, қыз жасауларына және қол жұмыстарына тапсырыстар келіп жатыр.