БҚО-да әскерге шақырылған жігіт терезеден құлап кетті
Батыс Қазақстан облысында әскерге шақырылған 19 жастағы азамат 3-ші қабаттан құлап, ауыр жарақат алды.
Оқыс оқиға облыстық Қорғаныс істері департаментінде желтоқсанның 1-не қараған түні болған. Сол түні жинақтау пунктінде әскерге шақырылған 34 жігіттің 4-еуі қашып шықпақ болады. Өзара келісіп, терезедегі темір торды алып, 9 жабылғыны бір-біріне байлап жалғайды. Соңғысы түскелі жатқанда жамылғы үзіліп кетіп, 3-ші қабаттан асфальтқа құлайды. Омыртқасы сынып, жұлынына зақым келген. Бөлмеде қалғандар дәліздегі кезекшіні орнынан таба алмайды.
Департамент басшылығы бұл оқиғаға қатысты қызметтік тексеріс бастады.