Елордада түркі әлемінің атласы жарық көрді
Атластың тұсаукесері «Түркі әлемі: тарихи-мәдени мұра» халықаралық конференциясында өтті. Егемендігіміздің 30 жылдығына орайластырылған шараға Түркия, Әзербайжан, Қырғызстан, Мажарстан, Өзбекстандағы түркі ұйымдарының басшылары мен ғалымдар қатысты.
Олардың айтуынша, бұл атлас Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласындағы: «Қазаққа осынау ұлан-ғайыр аумақты сырттан ешкім сыйға тартқан жоқ» деген ойына дәлел бола алады. Іргелі еңбек электронды нұсқада да жарық көреді.
Дархан Қыдырәлі, Халықаралық Түркі академиясының президенті:
– Бірінші орыс тілінде шығардық. Өйткені материалдардың көбісі – орыс тілінде. Қазақ тіліндегі дайын. Қазір тиражы 1000 данамен шықты. Бірақ сұраныс көп болады ғой деп ойлаймын. Сондықтан болашақта бұл кітапты қолжетімді етуге тырысамыз.