Алматыда Байтұрсынұлының шығармалар жинағының тұсаукесері өтті
Сол мерейтой іс-шарамен түйінделіп отыр. 12 томдық жинақ ақынның бүгінде қолда бар туындыларының барлығын қамтыған. Сондай-ақ кейбір құнды қолжазбалары сол қалпында жинаққа енгізіліп отыр. Кітап 3 мың данамен шығып, республикалық деңгейдегі барлық кітапханаларға таратылды. Ахмет Байтұрсынұлы қазақ тіл білімі мен әдебиеттану ғылымдарының негізін салды, ұлттық жазудың реформаторы болды. Араб графикасының негізінде қазақтың төл әліпбиін түзді. Төте жазудың көмегімен «Қазақ» газетін ұйымдастырып ұлттық журналистиканың негізін салды.
Райхан Имаханбет, Ахмет Байтұрсынұлы мемориалды музей үйінің директоры:
- «Мәдениет тарихы» деген кітабының болғандығы, сол кітап та цензурадан өтпеген деген әңгіме шығады. Шын мәнінде оның Оксфордта және Пекин кітапханаларының сирек қорында бар деген әңгіме бар. Енді бұны Алаш мұрасын насихаттау бағдарламасы аясында тауып, үкімет деңгейінде шешіп, осы кітаптардың басын жинақтап шығару - біздің ғалымдардың еншсінінде қалған бір парыз.