Хабар телеарнасы

Ыстамбұлда «Дала дауысы» халықаралық көрмесі өтті

Түркия жұрты назарына Ықылас атындағы музыкалық аспаптар музейінің қорындағы құнды жәдігерлер ұсынылды. Қала тұрғындары қазақтың көне музыкалық аспаптарын аса қызығушылықпен тамашалады. Көрме Тәуелсіздік күні мен екі ел арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың 30 жылдығына орай ұйымдастырылды. 

Асуман Айдоғмуш, Ыстамбұл қаласы Бақыркөй аудандық театр департаментінің директоры: 
- Біздің мәдениетіміз бір, тарихымыз бір. Сондықтан дәл осындай көрменің біздің ауданда өткізіліп отырғанына өте қуаныштымын. Бір байқағаным ұлттық музыка аспаптарымыз ұқсас екен. Бұл да бауырластықтың бір белгісі.