Шәкірім Құдайбердіұлының шығармаларын кеңінен насихаттау үшін тың әдістеме керек
Ұлы ойшыл, Абайдың ізін жалғаушы Шәкәрім Құдайбердіұлының шығармаларын кеңінен насихаттау үшін тың әдістемелер, бағдарламалық өзгерістер керек. Осы мақсатта Қазақстан, Өзбекстан, Қарақалпақстан, Болгария мемлекеттері білім беру жүйесінің өкілдері Алматыда бас қосып, ұсыныс-пікірлерін ортаға салды. Еліміздің мектеп бағдарламасында Шәкәрім Құдайбердіұлының өмірбаяны мен шығармашылығына небәры 3 сағат берілген. «Бұл ойшылды терең тану үшін аз», — дейді пән мұғалімдері. Ал Өзбекстанның Қоқан мемлекеттік педагогикалық институтының ғалымдары Шәкәрімді өз ойшылдарымен қатар оқытуды ұсынды.
Меруерт Бисенбаева, «Өрлеу» АҚ филиалы Әдіснама және педагогикалық инновация кафедрасының меңгерушісі:
-Басымдық беру керек, осы қазіргі өмірмен оқушыларға қазіргі өмірмен байланыстыра отырып оқыту, айталық, 121609 Шәкәрім шығармаларын өздерінің өзбектің ұлы ақын жазушыларымен салыстыра отырып, оқыту мәселесін қойып отыр. Яғни екі елдің ұлы ғалымдарының, ойышылдарының шығармаларының үндестігін тауып отыр.