Астанада маңғыстаулық өнерпаздардың гала-концерті басталды
«Маңғыстаудан мың сәлем, Алаш төрі!» Жаңа ғана Астанада Маңғыстау облысы өнерпаздарының гала-концерті басталды. Бүгінгі кеште өңірдің белгілі әншілері мен ең үздік шығармашылық ұжымдары өнерлерін паш етеді. Шара өңірдің елордадағы мәдени күндері аясында ұйымдастырылған.
Ердәулет Ыбырайұлы, тілші:
- Рақмет. Қайырлы кеш, құрметті көрермен. Өнерді жоғары бағалайтын елордалықтар мен қала қонақтары Бейбітшілік және келісім сарайындағы әдемі кешке жиналды.
1 500 мың адамға арналған үлкен залда бос орын таппайсың. Бәрі Маңғыстаудың мақамды жыр-дастаны мен күйін тыңдауға келген. Концерт бірер минут бұрын ғана салтанатты түрде ашылды. Жоспар бойынша мерекелік кеш шымылдығы Абыл Тарақұлы атындағы қазақ оркестрінің «Мереке думан» шығармасымен ашылды.
Ердәулет Ыбырайұлы, тілші:
- Көрермендер «Жорға» би ансамблі, «Ақшағыл» этно-фольклорлық ансамблі, облыстық филармония ұжымы халықаралық, республикалық байқаулардың лауреаттары, өзге де маңғыстаулық эстрада жұлдыздарының өнерін тамашалайды.
Жалпы Маңғыстаудың мәдени күндері аясында Астананың әр жерінде аймақтың қолданбалы қолөнер шеберлерінің, сурет, ұлттық киімдер мен бұйымдар және ауыл шаруашылық, соның ішінде балық өнімдерінің көрмелері де өткізілді.
Бұл көрмедегі Мағыстаудың туризмін дамыту бойынша керемет жерлері бейнеленген фотокөрме. Одан кейінгі өнеркәсіп жетістіктеріне арналады. Және де маңғыстаулық қолөнер шеберлерінің қолынан шыққан бұйымдар. Оның ішінде түйе жүнінен жасалған заманауи деңгейде киіп жүретіндей.
Елордада Маңғыстау күндерін өткізудегі мақсат – рухани-мәдени құндылықтарды насихаттау, оның қайта жаңғырту. Сондай-ақ өңіраралық байланысты бекіте түсу.