Хабар телеарнасы

Алматыда «Сац. Бір дайындықтың хроникасы» қойылымның мерейтойлық премьерасы өтті

Алматыда Наталия Сац атындағы балалар мен жасөспірімдерге арналған мемлекеттік академиялық театрда «Сац. Бір дайындықтың хроникасы» спектаклінің мерейтойлық премьерасы өтті. Қойылымды Режиссер Елена Пьянова халық артісі және еліміздегі алғашқы балаларға арналған театрдың құрылтайшысы Наталия Сацтың 120 жылдығына арнап жазған. Спектакльде өнер иесінің қойылымға дайындығы сахналанды. Ол сонау 1945 жылдың 7 қарашасында Евгений Шварцтың «Қызыл телпек» әңгімесін көрерменге ұсынған еді. Театрдың кіреберісінде «Сац уақыты» атты фотокөрме ұйымдастырылды

Татьяна Карамышева, театрдың әдебиет-драматургия бөлімінің жетекшісі:
-Біз осы спектакль мен көрме арқылы Наталия Сацтың 120 жылдығын қорытындылаймыз. Ресейдің Театр музейі қолдау көрсетіп, көрменің көркін аша түсті. Олар Наталия Сацтің жеке заттары, құжаттары мен тың суреттерін алып келді. Біздің театр ашылып, алғашқы «Қызыл телпек» спектаклінде киген екі костюмді де көрмеге шығардық.