Жетісу облысының әкімдігі Ұлттық кітапханаға 500 кітап сыйға тартты
Жетісу облысының әкімдігі Астанадағы Ұлттық академиялық кітапханаға 500 кітап сыйға тартты. Онда 150 ақын-жазушының, композитор мен суретшінің авторлық туындылары жазылған.
«Жетісу – кітап керуені» жобасы аясында өткен шарада Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Жанат Елшібеков пен журналист, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Қадыр Әлімқұлов кітаптарының тұсауы кесілді. Ұйымдастырушылардың айтуынша, аймақ әкімдігі жыл сайын жергілікті бюджет есебінен ақын-жазушылардың жинақтарын басып шығаруға атсалысады.
Қуаныш Сүлейменов, Жетісу облысы мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы:
- Тек қана Жетісу өңірінің ғана емес, осы Арқа төріндегі, республика деңгейіндегі Астана қаласының оқырмандары және қала қонақтары келіп, осы кітаптарды кітапханадан алып, Жетісу өңірі ақын-жазушыларының шығармасымен танысуға мүмкіндік тиетін бір ерекше жоба деп білемін. Бұрын-соңды болмаған дүние.