«Бозоқ» археологиялық ескерткішінің аумағында этнографиялық фестиваль өтті
Астана іргесіндегі «Бозоқ» археологиялық ескерткішінің аумағында этнографиялық фестиваль өтті. Ұйымдастырушылар биылғы іс-шараны ұлттық әшекейлерге арнапты. Қазақ мәдениетінде әйел адамның бұрымына ерекше көңіл бөлінген. Дәстүрге сай бүгін ел арасында ерекше құрметке ие қоғам қайраткерлері, мәдениет пен білім саласының өкілдері, қыздардың шашын өріп, күміс шолпы тақты. Шолпы мен шашбау - бұл ұлттық әшекейлер ғана емес, сонымен қатар қыздардың есейгенінің нышаны. Рәсім әдетте қыздар 12-13 жасқа толғаннан кейін өткізіледі.
Айнагүл Ғаниева, Бозоқ мұражай-қорығының жетекші ғылыми қызметкері:
- Қазақ халқында шаш киелі қасиетке ие. Осындай салттарды біз қайтадан танытып, оны дамытып өзіміздің дәстүрлі тәрбиемізге оралғымыз келеді. Соны насихаттаудамыз.