Марк Рютте студенттермен кездесті
Нидерландының Премьер-министрі Астанадағы жоғарғы оқу орындарының бірінде студенттермен кездесіп, дәріс оқыды. Марк Рютте жастармен ашық сұхбат құрғысы келетінін меңзеп, олардың кейбірімен жеке-жеке қол алысып амандасқан соң әңгімесін бастады. Ол Қазақстанда бұған дейін де болғанын, еліміз жайлы білетінін айтып, саяси тәжірибесі, қазіргі экономика, инновация жайлы ой-пікірін ортаға салды. Сонымен бірге Қазақстанда істейтін Нидерланд компаниялары, олардың жаңа жобалары туралы ақпарат берді.
Марк Рютте, Нидерланд Корольдігінің Премьер-Министрі:
-Қазіргі уақытта әлемде көмірсутектер мен жасыл технологиялар шешуші рөл атқаруда. Осы бағытта біз Марокко, Оман елдерімен жұмыс істейміз. Осы тізімде Қазақстан да бар. Біз экономиканы әртараптандырып, сұраныс жоғары бағытқа көшуіміз керек. Қазақстанмен осы мәселелерді бірлесіп шешуге ниеттіміз.